Желтоқсан айында Сауд Арабиясында өтетін клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысатын командалардың бәрі белгілі болды.

Турнирде жеті команда бақ сынайды. Олар: «Флуминенсе», «Манчестер Сити», мексикалық «Леон», жапониялық «Урава Ред Даймондс», мысырлық «Аль-Ахли», жаңазеландиялық «Окленд Сити» және саудиялық «Аль-Иттихад».