Ресейлік Ислам Махачев пен бразилиялық Чарльз Оливейра арасындағы жекпе-жек UFC 297 турнирінің басты оқиғасы болуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің мәліметінше, Махачев пен Оливейра арасындағы жекпе-жек 20 қаңтарда Торонтода өтетін UFC 297 турнирі аясында өтуі мүмкін. Қазіргі уақытта жоспар түпкілікті емес, бірақ бұл нұсқа қарастырылып жатқаны атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың қазан айында Ислам Махачев екінші раундта Шарль Оливейраны жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған болатын. 21 қазанда UFC 294 турнирінде олар реванш өткізуі керек еді, бірақ бразилиялық жарақат алды.