Еуразиялық жекпе-жек лигасы OLIMPBET-пен бірлесіп ұйымдастырған аралас жекпе-жек бойынша іріктеу турнирі – OCTAGON OLIMPBET SELECTION 30 турнирінде шараның финалдық жекпе-жегінің жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жеңіл салмақта қазақстандық қос файтер Бағали Тоқтарәлі мен Самат Асболат октогонда кім мықтыны анықтады.

Жекпе-жек тартысты өтті, бірақ раундтың ортасына таман Асболаттың басымдығы байқала бастады. 21 жастағы спортшы жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға талпыныс жасап, бес минуттық кезеңнің соңғы секундтарында Тоқтарәліге шынтақпен жойқын соққын бағыттап, жеңісті өз атына тіркеді. Асболат гонгқа 5 секунд қалғанда жеңді.

Кәсіпқой дебютанттардың жекпе-жегін 1:34:38-ден бастап төменде көре аласыздар: