Футбол агенті Дмитрий Селюк «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасының ойыншысы Лев Скворцовтың болашағына қатысты жағдай туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футбол агенті Дмитрий Селюк бұған дейін басылымға «Химкидің» 23 жастағы қорғаушысы Лев Скворцовтың қысқы трансфер терезесінде командадан кетуі мүмкін екенін айтқан. Басылым Селюкпен қайтадан сөйлесіп, ойыншының қандай да бір нұсқалары бар-жоғын білді.

«Леваның Химкимен келісімшарты бар», - дейді Селюк. – Әрі қарай не болатынын өмір көрсетеді. Ол Химкиден кете ме? Бәрі де мүмкін. Қазір қараша, трансфер терезесіне екі ай қалды. Талқылауға әлі ерте. Оның үстіне қыста клуб айыстыру қиын».

Биылғы маусымда Лев Скворцов «Химки» сапында 12 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Transfermarkt порталы оның құнын 350 мың еуроға бағалап отыр.