Санкт-Петерборлық «Зенит» Ресей премьер-лигасының 14-туры аясындағы ойында сырт алаңда Калининградтық «Балтиканы» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу Калининградта өтіп, 2:0 есебімен «Зениттің» жеңісімен аяқталды. Голдарды Иван Сергеев (63-минут) пен Матео Касьерра (77-минут) соқты.

«Зениттің» қорғаушысы қазақстандық Нұралы Әліп сары қағаздардың жиналуына байланысты бұл матчқа қатыса алмады.