Бразилиялық «Флуминенсе» Либертадорес кубогындағы жеңісінің арқасында 2023 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу құқығын жеңіп алған соңғы қатысушы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирге барлығы жеті команда қатысады.

«Флуминенседен» басқа ағылшындық «Манчестер Сити», мексикалық «Леон», жапондық «Урава Ред Даймондс», мысырлық «Аль Ахли», Жаңа Зеландияның «Окленд Сити» және Сауд Арабиясының «Аль-Иттихад» клубтары жүлдеге таласады.

Бразилия мен ағылшын клубтары турнирдегі өнерлерін жартылай финалдан бастайды. Манчестер Сити осы кезеңде Леон мен Урава Ред Даймондс арасындағы екінші тур ойынының жеңімпазымен кездеседі.

12-22 желтоқсан аралығында Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) клубтар арасындағы әлем чемпионаты өтеді.

Бұл осы форматтағы соңғы турнир болады деп күтілуде. 2025 жылдан бастап клубтар арасындағы әлем чемпионатына 32 команда қатысады деп жоспарлануда.