Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) 2024 жылғы «Алтын допты» табыстау рәсімін ұйымдастырушылар қатарына қосылды, деп хабарлайды Kazinform.

Аталған ұйым сыйлықты өткізетін France Football және L ' Equipe медиа компанияларына иелік ететін Groupe Amaury компаниясымен ынтымақтастық туралы жариялады.

UEFA марапаттау рәсімін коммерциялық насихаттаумен және ұйымдастырумен айналысады.

«UEFA мен «Алтын доп» спорттық шеберліктің синонимі саналады, сондықтан серіктестігіміз ерекше деңгейде жүргізіледі. Атақ пен синергияның табиғи үйлесімі болады», - деді UEFA басшысы Александр Чеферин.

2023 жылы «Алтын доп» Аргентина құрамасы мен «Интер Майами» клубының ойыншысы Лионель Мессиге табыс етілді.