Астаналық «Барыс» ХК Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясында Қазандық «Ак Барс» клубына қарсы сырт алаңда өтетін матчқа қатысатын құрамын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шабуылшылар: Мусоров, Савицкий, Рахманов, Оспанов, Лабейт, Шестаков, Червени, Борисевич, Оберг, Мұратов, Өмірбеков, Гурков.

Қорғаушылар: Скленичка, Бекетаев, Гайтамиров, Нұрғалиев, Ножье, Шалапов, Королев, Логвин.

Қақпашылар: Шутов, Паскауле.

Ойын Қазанда өтеді және Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Естеріңізге сала кетейік, матчтың тікелей трансляциясын мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.