«Реал Мадрид» осы жазда ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып ала алмаса, «Баварияның» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиаланы сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport Bild сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін 20 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушы мюнхендік клубпен келісімшартын ұзартуға асықпайтыны туралы ақпарат шыққан болатын. Ал Мусиаланы сатып алуға Еуропаның бірқатар клубтары қызығушылық танытып отыр. Футболшыға «Реалдан» бөлек «Манчестер Сити» мен «Ливерпуль» клубтары көз тігіп отыр.

Мусиаланың қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Осы маусымда неміс футболшысы барлық турнирлерде 12 матчқа қатысып, төрт гол соғып, үш нәтижелі пас берді.