Бүгін футболдан Қазақстан кубогының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астана Аренада» өткен матчта «Ордабасы» мен «Тобыл» командалары кездесіп, қостанайлық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жалғыз голды 68 минутта Ислам Чесноков соқты.

Осылайша «Тобыл» Қазақстан кубогының иегері атанды. Соның арқасында команда келесі маусымда Еуропа лигасына қатысады.

«Ордабасы» (Шымкент) - «Тобыл» (Қостанай) 0:0

Гол: Чесноков 68

Төреші: Омаров Рустам (Алматы)

4 қараша. Астана. «Астана Арена»