Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың сыңары пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sportilinet сайтына сілтеме жасап.

«Алиэкспресстен әкелінген Шавкат. Қызық, бұл видеоны Шавкат көрді ме? Ұқсай ма?», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, Рахмонов (17-0) келесі жекпе-жегін 16 желтоқсанда (Астана уақытымен 17 желтоқсан күні таңертең) Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында UFC 296 турнирі аясында өткізеді. Қазақстандықтың қарсыласы америкалық файтер Стивен Томпсон (17-6-1) болады.

Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде бесінші орында тұр, ал Томпсон одан бір саты төмен орналасқан.