«Ливерпуль» ПСЖ шабуылшысы Килиан Мбаппені сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Lequipe мәліметінше, «қызылдар» ойыншымен көп жыл бойы сөйлесіп жатыр. Ал бас бапкер Юрген Клопп 2017 жылы ойыншымен сөйлесу үшін жеке ұшақпен Ниццаға барған. Ол кезде Мбаппе «Монако» сапында ойнап жүрген.

Париждіктер Килианның командадан өтемақысыз кетеді деп қорықпайды, себебі тамыз айында жасалған келісімшартқа сенімді.

Айта кетейік, ПСЖ Мбаппемен жаңа келісімшарт жасасу туралы келісімге келген жоқ.