«Тобыл» капитаны Серікжан Мужиков футболдан Қазақстан кубогының финалы аясында өтетін «Ордабасыға» қарсы матч туралы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

- Алдымен, «Ордабасы» клубын чемпиондығымен құттықтаймын. Ертең бізді мықты қарсыласпен жақсы ойын күтіп тұр деп ойлаймын. Жігіттер бұл ойынның маңызын түсінеді. Ең бастысы біз ештеңеге қарамастан өз ойынымызды көсетуіміз қажет.

Иә, «Астана-Аренада» қаншама ойын өткіздік, керемет естеліктер қалды. Осы стадионда жақсы жетістіктерге жеттік. Сол үшінде бұл алаңда ойнау қашан да ыстық.

Ертеңгі болатын маңызды кездесуге барша қостанайлықты шақырамын! Жанкүйерлерді қуанту үшін барымызды саламыз. Сіздердің қолдауларыңыз біз үшін қажет.