Сенбі, 4 қараша Астанада футболдан Қазақстан кубогының финалы өтеді, онда шымкенттік «Ордабасы» мен қостанайлық «Тобыл» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасы» - «Тобыл» матчының тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады. Астана уақытымен 16:00-де басталады.

Айта кетейік, биылғы маусымда «Ордабасы» тарихи жетістікке қол жеткізді: клуб алғаш рет ҚПЛ чемпионы атанды. Алдағы ойында Александр Седнев шәкірттерінің алтын дубльге қол жеткізуге мүмкіндігі бар.