«Манчестер Юнайтед» жаңа шабуылшыны сатып алғысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Осылайша манкуниандықтар шабуыл шебін күшейтіп, АПЛ-да әлі гол соға алмаған жас шабуылшы Расмус Хойлуннға түскен қысымды азайтқысы келеді.

«МЮ» Айвен Тоуни («Брентфорд»), Мехди Тареми («Порту») және Виктор Осимхенге («Наполи») қызығушылық танытып отыр. Команда жаңа шабуылшымен қаңтарда келісімшарт жасаспақ.

Қазіргі уақытта «Манчестер Юнайтед» сапында 2 орталық шабуылшы бар - Антони Марсьяль мен Хойлунн. Алайда, олар АПЛ-дп осы маусымында бірде-бір гол соққан жоқ.