WTA Қорытынды турнирінің топтық кезеңіндегі қазақстандық Елена Рыбакина мен беларусьтік Арина Соболенко матчы қашан жалғасатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу кеше түнде жаңбырға байланысты шегерілген. Бірінші сетте Соболенко 6:2 есебімен жеңді, ал екінші партияда Рыбакина 5:3 есебімен алда тұрды.

Енді 4 қарашаға қараған түні 02:00-де жалғасады.

Айта кетейік, бұл матчтың жеңімпазы турнирдің жартылай финалына шығады.