Бүгін халықаралық «Asia Rugby Sevens Trophy 2023» турнирінде Орта Азия дербиі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан ерлер құрамасы Қырғызстанмен кездесті. Матч қазақстандық регбишілердің жеңісімен аяқталды - 50:0.

Айта кетейік, турнир Дохада (Катар) өтіп жатыр, ол 5 қарашаға дейін жалғасады. 17 елден 22 команда қатысып жатыр.