Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі жайында ақпарат шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, 15 қазанда Әлімханұлы Винченцо Гуальтьериді жеңіп, орта салмақта IBF чемпиондық белбеуін иеленген. Осылайша, Жәнібек WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанды.

«Радован мен Михайлович жекпе-жегі 16 желтоқсанда Сандерлендте Джош Келли - Рурк Кнапп кездесуінің андеркардында болатын шығар.

Жеңімпаз Жәнібек Әлімханұлына тиесілі IBF титулына міндетті үміткер болады», - деп жазды шетелдік БАҚ.