FourFourTwo журналы «Манчестер Юнайтед» тарихындағы ең сәтсіз трансферлерін атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тізімдегі бірінші орынды 2010 жылы «МЮ» сапына ауысқан Бебе иеленді.

2-орында «Ювентус» жартылай қорғаушысы Поль Погба. Үздік үштікті Эрик Джемба-Джемба түйіндеді.

Топ-5 қатарына Ральф Милн мен Донни ван де Бек енді.

FourFourTwo нұсқасы бойынша «Манчестер Юнайтедтің» ең сәтсіз 10 трансфері:

1. Бебе – 2010 жылы «Виториядан»;2. Поль Погба – 2016 жылы «Ювентустен»;3. Эрик Джемба-Джемба – 2003 жылы «Нанттан»;4. Ральф Милн – 1988 жылы «Бристоль Ситиден»;5. Донни ван де Бек – 2020 жылы «Аякстан»;6. Алексис Санчес – 2018 жылы «Арсеналдан»;7. Гарри Магуайр – 2019 жылы «Лестерден»;8. Массимо Таиби – 1999 жылы «Миланнан»;9. Джейдон Санчо – 2021 жылы «Боруссиядан»;10. Анхель Ди Мария – 2014 жылы «Реал Мадридтен».