ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында елордалық «Барыс» сырт алаңда Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын буллиттер сериясында жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Командалар негізгі уақытта жеңімпазды анықтай алмады. Овертаймда да клубтар мықтыны анықтай алмады. Кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері сапынан Андрей Обидин мен Анатолий Голышев гол соқты. Қазақстандық команда құрамында Михаил Рахманов пен Максим Мусоров голдың авторы атанды. Буллиттер сериясында қонақтар мықтырақ болды.

Қазақстандық клуб келесі құраммен шықты: Паскуале (Шутов) - Скленицка-Ножье, Лабейт-Мусоров-Оберг; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Гайтамиров-Королев, Червени-Өмірбеков-Рахманов; Нұрғалиев-Никитин, Оспанов-Гурков-Борисевич.

«Автомобилист» (Екатеринбург) - «Барыс» (Астана) 2:3 (1:1, 0:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 - Рахманов - 09:511:1 - Обидин (Макеев, Бывальцев) - 13:441:2 - Мусоров (Оберг) - 35:152:2 - Голышев (Хрипунов) - 42:192:3 - Рахманов - 65:00

Қақпашылар: Аликин - Паскуале

Естеріңізге сала кетейік, 4 қараша күні Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері Қазанда жергілікті «Ак Барспен» ойнайды. Кездесу Астана уақытымен 20:00-де басталады.