«Гремио» шабуылшысы Луис Суарес карьерасын «Интер Майамиде» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

El Pais сайтының хабарлауынша, онда ол бұрынғы командаластары Лионель Месси,Жорди Альба және Серхио Бускетспен қайта қосылады.

Уругвайлық ойыншының бразилиялық клубпен келісімшарты осы жылдың соңына дейін есептелген. Содан кейін ол еркін агент атанып, «Интер Майами» сапына тегін қосыла алады. Тараптар ұзарту мүмкіндігі бар бір жылдық келісімге қол қояды.

Осы маусымда 36 жастағы шабуылшы Бразилия А Сериясында 26 матч өткізіп, 10 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді.