УЕФА-ның Ньондағы штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі айналымда өз тобында екінші орын алған алматылық «Қайрат» В тобындағы төрттікке енді. Марлон Веласко командасының қарсыластары португалиялық «Бенфика», словениялық «Добовец» және Косовоның «Приштина» командалары болды.