Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес бұрынғы әріптесі Лионель Месси ауысқан «Интер Майамимен» келісімшартқа отырады.

Қазіргі таңда Суарес бразилиялық «Гремио» командасында доп тебеді. Келісімшарты желтоқсан айында аяқталып, «Интер Майами» командасына ауысады.