Франция президенті Эмманюэль Макрон Maqsut Narikbayev University студенттерімен кездесуде өз еліндегі футболды дамыту тәжірибесі туралы айтып берді, деп хабарлайды Kazinform.

Франция басшысы өз елінде футболдың өте танымал спорт екенін атап өтті.

«Бізде миллиондаған лицензияланған ойыншылар бар, олардың арасынан таңдау мүмкіндігі бар. Бізде эмигранттар арасында да жастар өте көп, олардың арасында футбол – танымал спорт түрі. Ең алдымен, футбол басқа спорт түрлерімен салыстырғанда ең көп жастарды тартатынын айтқым келеді. Ең бастысы – жақсы базаның болуы. Екіншіден, біздің клубтар өте белсенді жұмыс істеді, жас ойыншыларды іріктеп алды», - деді Эммануэль Макрон.

Э.Макрон спортшылардың алғашқы даярлығының өте маңызды екенін, мектептерде олардың белсенділігін қолдау керегін жеткізді.

«Біз қазірдің өзінде бастауыш мектепте жарты сағаттық спортты, содан кейін орта мектепте аптасына 2 сағаттық спортты енгіздік. Ең алдымен, ойыншыларды ерте жастан дайындау керек. Сондай-ақ спортта құндылықтар өте маңызды. Менің ойымша, бұл – бәрінің алдында тұрған маңызды сын-қатердің бірі. Біздің спортшыларымыз жақсы адамдар болуы керек және басқаларды өз үлгісімен шабыттандыруы керек», - деп есептейді Франция президенті.