Бүгін футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасы элиталық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді, деп жазады Prosports.kz.

16 команда төрт топқа бөлінеді.

Элиталық кезеңде бақ сынайтын командалар:

A жолы, топ жеңімпазы: «Спортинг» (POR, 1 топ), «Барселона» (ESP, 2 топ), «Пальма» (ESP, қазіргі чемпион, 3 топ), «Бенфика» (POR, 4 топ)

A жолы, екінші орын: «Хит» (UKR, 1 топ), «Андерлехт» (BEL, 2 топ), «Қайрат» (KAZ, 3 топ), «Этуаль» (FRA, 4 топ)

A жолы, үшінші орын: «Олмиссум» (CRO, 1 топ), «Лозница-Град» (SRB, 2 топ), «Халадаш» (HUN, 3 топ), «Добовец» (SVN, 4 топ)

B жолы, топ жеңімпазы: «Любава» (POL, 5 топ), «Рига» (LVA, 6 топ), «Приштина» (KOS, 7 топ), «Эболи» (ITA, 8 топ).

Элиталық кезең төрт шағын турнир форматында 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында өтеді. Топ жеңімпаздары финалдық кезеңге жолдама алады. Финалдық турнир 2/3 мамырда және 4/5 мамырда өтеді.

Тікелей трансляция Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады, оны УЕФА сайтынан көруге болады.