Ресейлік агент Рустам Раджабов Абат Айымбетов «Крылья Советов» сапында неге ойнай алмағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ге сілтеме жасап.

«Бұл Абаттың кінәсі емес, бұл тек агенттердің қитұрқы ойыны ғана. Өкінішке орай, сондай жағдай болды. Егер оған мүмкіндік берілсе, ол өзі мүмкіндікті пайдалана алмаса, түсінер едім, бірақ футболға қатыссыз нәрселер оған зиян тигізді », - деді Раджабов.

Айта кетейік, 2021 жылы ақпанда Айымбетов «Крылья Советовке» ауысты, бірақ клубта бірде-бір ресми ойын өткізген жоқ. Кейін «Астанаға» жалға беріліп, 2022 жылы қаңтарда ресейлік клубпен келісімшартты бұзды.