«Интер Майами» және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы ең сүйікті голы деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен әрқашан ең маңызды голдар Чемпиондар лигасының финалында, әлем чемпионатының финалында соғылған голдар екенін айтып келемін. «Сантьяго Бернабеуде Чемпиондар Лигасының матчында Реал Мадридті 2:0 есебімен жеңген кездегі гол менің есімде», - деді Месси.

Айта кетейік, бұл кездесу 2011 жылы Чемпиондар лигасының жартылай финалында өткен болатын. Алғашқы ойында 2:0 есебімен Барселона жеңіске жеткен. Қарымта кездесу 1:1 есебімен аяқталды.

Бұған дейін Месси мансабында сегізінші рет «Алтын допты» жеңіп алды. «Алтын допты» аргентиналық шабуылшыдан артық ешкім алған емес. Месси беделді марапатты 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019, 2021 және 2023 жылдары алды.