Жартылай ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (21-0, 11 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Білесіз бе, мен қолымды емдетіп жатыр едім. Ол кезде қарсыластар туралы келіссөз жүргізіп, ешкімді таппадық, уақыт өтіп кетті. Сауд Арабиясындағы жекпе-жекті талқыладық, биыл жыл аяғында немесе келесі жылдың басында болады деп үміттенемін», - деп келтіреді ProBoxTV Биволдың сөзін.

2022 жылғы қарашада өткен кейінгі жекпе-жегінде Бивол супер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы (76,2 келіге дейін) мексикалық Хилберто Рамиресті төрешілер шешімімен жеңді.