Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев оның жергілікті азаматтығын алуы команданың 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтарындағы нәтижелеріне байланысты екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

46 жастағы ресейлік маман Қазақстан құрамасын 2022 жылдың көктемінен бері баптап келеді.

«Қазақстан азаматтығын алуға қатысты барлық талқылаулар кейінге қалдырылды. Бірінші кезекте – іріктеу кезеңінің ойындарын аяқтау. Ал көктемде Ұлттар лигасы арқылы іріктеу ойындарының алда екенін ұмытпауымыз керек. Содан кейін әртүрлі сценарийлер болуы мүмкін: жалғастырамын, орнымнан кетемін немесе басқа қызметпен біріктіремін», - деді Әдиев.

Еуропа чемпионатына іріктеудің аяқталуына екі тур қалғанда Қазақстан H тобындағы көшбасшылар Дания мен Словениядан төрт ұпайға қалып, үшінші орында тұр.