Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик Парижде (Франция) өтіп жатқан Masters турнирінің ширек финалына шығу үшін өтетін кездесудегі қарсыласын білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші айналымда қазақстандық сенсациялық түрде әлемнің үшінші ракеткасы Даниил Медведевті (Ресей) 4:6, 7:6 (4), 6:7 (2) есебімен ұтқан болгариялық Григор Димитровпен ойнайды.

Екінші айналымдағы кездесуде Бублик чилилік Николас Гарриді ұтты – 7:6 (7:3), 7:6 (7:3).

Франциядағы жарыс 5 қарашаға дейін жалғасады.