19 жастағы қазақстандық еркін күрес балуаны Ризабек Айтмұхан 92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әлемдік рейтингте көш бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Екінші орында грузиялық Мириан Майсурадзе тұр, үздік үштікті Әзербайжан өкілі Осман Нурмагомедов түйіндеді.