Лерой Сане болашақта ұзақ мерзімді келісімшарт жасасқысы келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sports.ru сайтына сілтеме жасап.

Вингердің «Бавариямен» қазіргі келісімшарты 2025 жылға дейін есептелген.

Sport1 мәліметінше, футболшының бар назары қазір ойында болашағы туралы шешімді алдағы жазда ғана қабылдай алады. Бұл Еуропа чемпионаты аяқталғаннан кейін болуы мүмкін.

Германиялық ойыншы «Бавариямен» немесе басқа клубпен 5 жылдық келісімшарт жасасқысы келетіні айтылған. Бірақ Сане жалақыны айтарлықтай көтеруді талап етпейді – ол қазір жылына шамамен 19 миллион еуро алады.

Әзірге ойыншы мен «Бавария» арасында келіссөз жүргізілген жоқ.

Бұған дейін 27 жастағы футболшыға «Ливерпуль» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған болатын. Англиялық клуб Мохамед Салах кетсе, оның орнына Санені сатып алуға тырысуы мүмкін.