18 қарашада Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 52 ивенті аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Самат Мамедов (9-0) ұзақ уақыт үзілістен кейін торға оралады.

Кәсіпқой деңгейдегі 9 жекпе-жегінің 8-ін мерзімінен бұрын аяқтаған файтер Prosports.kz тілшісіне сұхбат берді.

– Самат, жақын арада торға ораласыз. Бір жылдан астам уақыт жекпе-жек өткізбей жүру сізге қалай болды?

- Бәріне сәлем! Иә, жақын арада сегізбұрышқа ораламын. Денсаулығыма байланысты бір жыл өнер көрсетпедім.

– Үзіліс файтерлерге кері әсер етеді деген пікір бар. Бұл сіздің жағдайыңызға қалай әсер етеді?

- Мен олай ойламаймын. Мұның бәрі әуесқой тәжірибе мен дайындыққа байланысты. Дайындық жақсы болды, әуесқой деңгейде тәжірибем жеткілікті, сондықтан үзіліс маған кері әсер етті деп ойламаймын. Шығып өз жұмысымды істеймін.