Сауд Арабиясы кубогы 1/8 финалының матчтары өтті. Бұрынғы еуропалық жұлдыздар өнер көрсететін «Әл-Иттифак» пен «Әл-Ахли» турнирден ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дегенмен Сауд Арабиясы клубтарында өнер көрсететін көптеген танымал футболшылар келесі кезеңге шықты. «Әл-Хилал», «Әл-Наср», «Әл-Иттихад», «Әл-Файсали», «Әл-Халидж», «Әл-Шабаб», «Әл-Тавун» және «Абха» командалары турнирдегі өнерін жалғастырады.