Ресейлік теннисші Роман Сафиуллин Париждегі Masters сериясы турнирінде нағыз сенсация жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарыстың екінші раундында спортшы қазір әлемдік рейтингте екінші орында тұрған Уимблдон-2023 чемпионы испандық Карлос Алькарасты жарыстан шығарды.

Сафиуллин мен Алькарас кездесуі небәрі екі сетте 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.

Роман кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) үздік үштігіне кіретін теннисшіні алғаш рет жеңді.

Келесі кезекте Роман жерлесі Карен Хачановпен кездеседі