Ресей кубогы матчында Грозныйдың «Ахматы» Калининградтық «Балтикадан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Калининградта өткен кездесу алаң иелерінің ірі жеңісімен аяқталды – 4:1. «Балтика» сапында голдарды Анджело Анрикес (45-минут), Тамерлан Мұсаев (48-ші және 79-шы минуттар) және Гедеон Гузина (90+3) соқты. Қонақтар соққан жалғыз голдың авторы - Антон Швец (34-ші минут).

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Марат Быстров «Ахмат» сапында алғашқы минуттан шығып, матч бойы ойнады.