Қазақстандық теннисші Александр Бублик Парижде өтіп жатқан турнирдің екінші айналымында жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол екі сетте чилилік Николас Гарриді ұтты – 7:6 (7:3), 7:6 (7:3).

Бубликтің келесі қарсыласы Каспер Руд пен Франсиско Черундоло арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 5 779 335 еуроны құрайды.