Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина екінші айналымда грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:7 (4), 7:6 (2) есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осы жеңісінің арқасында Лена топтан шығу мүмкіндігін сақтап қалды.

Екінші айналымның тағы бір кездесуінде Джессика Пегула әлемнің бірінші ракеткасы Арина Сабаленканы -6:4 6:3 есебімен ұтып, турнирдің жартылай финалына мерзімінен бұрын шықты.

Елена Рыбакина мен Арина Сабаленко соңғы турда Bacalar тобындағы екінші жолдаманы сарапқа салады. Бұл матч 3 қарашаға қараған түні өтеді.