Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (18-2) Қызық Times шоуына берген сұхбатында спорттағы кумирлері туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бала кезімде футболды жақсы көретінмін. Таңертеңнен кешке дейін аулада футбол ойнадық. Сол кездегі кумирім Роналдиньо болды. Ойын кезінде тіпті төбелес те болды. Кейін 8-сыныпта қоян-қолтық ұрыс секциясына бара бастадым, бұл мені кейін ММА-ға жетеледі. Файтерлер туралы айтатын болсақ, мен Хабиб Нурмагомедовты тәртіптілігі, ақпарат саласындағы өзін-өзі ұстауы және нәтижелері жағынан өзіме үлгі етемін. Және маған Жорж Сен-Пьер ұнайды. осы спортшылардың жақсы жағын алуға тырысамын», - деді Алмабаев.

Айта кетейік, Алмабаев жақында UFC турниріндегі дебютін ямайкалық Ауди Осборнға қарсы өткізіп, оны артқы жағынан қылқындыру әдісімен жеңген болатын.