Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Исманингте (Германия) өткен турнирде сәтсіз өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жұптық сайыстың 1/8 финалында британиялық Ян Хойнскимен бірге Евсеев Айсам-уль-Хак Куреши (Пәкістан)/Петрос Циципас (Грекия) жұбымен ойнап, – 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік бұған дейін қазақстандық теннисші жекелей сында да жеңіліп қалған, бірінші айналымда Денис Евсеев (ATP рейтингінде 238-орын) германиялық Анри Сквайрмен (265-орын) кездесіп, – 3:6, 4:6 есебімен жеңілген болатын.