Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Шарлотсвилл (АҚШ) челленджер турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 354-орында тұрған америкалық Тай-Сон Квятковскимен өткізді.

Аса тартысты өткен матчта Б.Жұқаев 4:6, 7:6 (7:3), 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті.

Екі сағат 38 минутқа созылған матч барысында ол 22 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Т.Квятковски 15 эйс, 2 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бейбіт Жұқаев ширек финалға шығу үшін әлемнің 174-інші, жарыстың 6-ракеткасы, аустралиялық Адам Уолтон немесе рейтингте 517-сатыдағы испаниялық Иньяки Монтес де ла Торренің қай жеңгенімен таласады.