Александр Бублик Парижде өтіп жатқан ATP 1000 Masters турнирінің екінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 33-ракеткасы бірінші айналымдағы матчта ATP рейтингінде 14-орында тұрған америкалық Фрэнсис Тиафомен ойнады. Ол қарсыласын 6:3, 6:4 есебімен екі сетте ұтты.

Бубликтің келесі қарсыласы чилилік Николас Гарри болады.