Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (11-2-1, 10 КО) Ыстамбұлда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендамен (8-1, 4 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жек он раундқа созылып, Мпенданың жеңіске жетті.

Пиус Мпенда кәсіпқой мансабындағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізді, Дәурен Елеусінов кәсіпқой рингте үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Елеусінов үшін бұл 2023 жылғы екінші жекпе-жегі болды, 37 жастағы қазақстандық өзінің кейінгі жекпе-жегін наурызда өткізген – ол өзбекстандық боксшы Бахром Паязовты (22-22, 15 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.