«Барыс» хоккей клубы Артем Королевпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Королев 2024 жылдың 30 сәуіріне дейін келісімшартқа отырды.

Артем «Барыс» жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі. Клубта бүкіл даму вертикалынан өтті, 2023 жылдың мамыр айында элиталық дивизионда әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында дебют жасады.

Ел біріншілігінде сегіз кездесу өткізіп, бір шайба соқты.