Қазақстандық «Алтай Атлетикс» клубының спортшысы Тануи Нора Джеруто допингке қатысты соңғы шешімді білді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нораның допинг қолданбағаны толық ақталды. Оған 2023 жылдың сәуірінде айып тағылды. Сол сәттен бастап ол барлық жарыстардан шеттетілді.

Айта кетейік, Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Қазақстан үшін жеңіл атлетикадан тұңғыш әлем чемпионы. Сондай-ақ, спортшының жеке нәтижесі әлемдегі 3000 метрге кедергілермен жүгірушілердің үздік үштігіне кіреді.