Будапештте (Венгрия) каратэден әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық каратэшілер ел қоржынына үш медаль әкелді, деп хабарлайды Prosports.kz.

50 келі салмақта сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай ел тарихындағы алғашқы алтынды жеңіп алды.

60 келі салмақта Қайсар Алпысбай күміс алды. Дидар Әмірәлі (67 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.