Team Spirit ұжымы Dota 2-ден The International 2023 турнирінің гранд-финалында Gaimin Gladiators командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Ярослав Miposhka Найденовтың құрамы чемпионатта жеңіске жетті. Spirit сыйақы ретінде 1,4 миллион доллардан астам табыс тапты.

TI12 12-30 қазан аралығында АҚШ-та өтті. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 3,1 миллион доллардан асты.