Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандықтар арасында үздік болып Александр Бублик болып қалды, қазір ол 33-орында (-3). Тағы бір қазақстандық теннисші Тимофей Скатов 211-орында (-4). Ал Михаил Кукушкин 213-орынға түсті (-1).

Сербиялық Новак Джокович көш бастап тұр, екінші орында испандық Карлос Алькарас. Үшінші орында ресейлік Даниил Медведев тұр.

30 қазандағы ATP рейтингі:

1 (1). Новак Джокович (Сербия) — 11 045 ұпай;

2 (2). Карлос Алькарас (Испания) — 8625;

3 (3). Даниил Медведев (Ресей) — 7200;

4 (4). Янник Синнер (Италия) — 5410;

5 (5). Андрей Рублев (Ресей) — 4935;

6 (7). Стефанос Циципас (Грекия) — 4435;

7 (6). Хольгер Руне (Дания) — 4280;

8 (8). Каспер Рууд (Норвегия) — 3705;

9 (10). Александр Зверев (Германия) — 3540;

10 (9). Тейлор Фриц (АҚШ) — 3500;