Франциялық Лига 1-дің 10-турындағы «Марсель» мен «Лион» командалары арасындағы кездесу шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч алдында жанкүйерлер қонақтардың автобусына тас лақтырған. Бас бапкер Фабио Гроссо зардап шекті. Оған көмек көрсетілді.

Ойынның шегерілгенін «Велодром» стадионында диктор хабарлады. Ойын кеше түнде елорда уақытымен 01:45-те басталуы керек еді.