Танымал қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Ыстамбұлда өткен бокс кешінде титулды жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық спортшы чилилік Даниэла Асенхомен (14-3-3, 2 КО) кездесті — олар аса жеңіл салмақтағы WBC Silver тұжырымы бойынша чемпиондық титулды сарапқа салды. Жекпе-жек он раундқа созылып, чилилік спортшының пайдасына аяқталды.

Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой карьерасында алғаш рет жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қазақстандық боксшының екі белбеуі бар, екінші аса жеңіл салмақтағы UBO World және жеңіл салмақтағы WBC International титулы. Соңғы белбеуін ол биыл сәуір айында мексикалық Анна Аразолланы жеңгеннен кейін иеленген болатын.